Қараторғай (5-нұсқа) (текст)

Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің
Айырылдым қапылыста сенен нағып.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай.

Ертістің ар жағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды таң алдында қараторғай.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай.

Шырылдар таң рауанда қараторғай,
Қияға ұшып шықтым жанға болмай.
Денсаулық, тіршіліктің арқасында
Тұрамын ертеңді-кеш жерге қонбай.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай.

 

Сөзі: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: