Қарашаш (текст)

Алтыннан салдым жүзік бармағыма,
Бұл күнде жан тең келмес салмағыма.

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш қарағым,
Құрбы-ай! Сағындым, сәулем-ай!

Ортасында дәрияның сен аққайраң,
Ілінбеген ешкімнің қармағына.

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш қарағым,
Құрбы-ай! Сағындым, сәулем-ай!

Қалқатай, сен ақ қоян секеңдеген,
Артыңнан мен ақсұңқар жетем деген.

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш қарағым,
Құрбы-ай! Сағындым, сәулем-ай!

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айырылып, қалқам, сенен кетем деген.

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш қарағым,
Құрбы-ай! Сағындым, сәулем-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: