Қарағым-ай (3-нұсқа) (текст)

Қарағым-ай,
Сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен.

Қарағым-ай,
Еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен?
Бұл көңіл неліктен босады екен,
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?

Қарағым-ай,
Қиылып-үзіліп қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

Қарағым-ай,
Бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесең, дүние бекер екен.
Парақтап жинасаң бар ғұмырың,
Бір сүйген күніңе-ай жете ме екен?

Қарағым-ай,
Қиылып үзіліп қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

 

Сөзі: Ш. Сариев

Әні: К. Дүйсекеев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=m2KT6_N-vfU