Қараңғы түнде тау қалғып (текст)

Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.

 

Сөзі: Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: