Қара шалдар (текст)

Ассалаумағалейкум, қара шалдар,
Даланың шежіресі дана шалдар.
Толқимын өздеріңді көрген шақта,
Кеудеме күн орнайды қарасаңдар.
Көгалға ақ текемет жайып тастап,
Отырар сырлы өмірдің жайын бастап.
Сиқырлы сырға толы сөздеріңмен,
Сендер ғой көкке өрлеткен ойымды асқақ.
Әлі де алдарыңда баладаймын,
Әр үйден сендерді іздеп аралаймын.
Өйткені жырдай етіп айтсақ болды,
Өзгені өздеріңнен қаламаймын.
Төгілтіп күй төгейін қаласаңдар,
Өнерпаз бір ұлыңа баласаңдар.
Қарттыққа мойынсынбай жүрсіңдер ме,
Қайыспас қара емендей қара шалдар.

 

Сөзі: Бәкір Тәжібаев

Әні: Сайлау Әбділдинов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: