Қасқалдақ (текст)

Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.
Өз босағаң — бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

 

Сөзі: Е. Раушанов

Әні: І. Аманов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: