Қисмет (3-нұсқа) (текст)

Аспанда түн қараңғы ай болмаса,
Ауырмас ер жүрегі қайғырмаса.
Бәйгеден ат та арманда шаба алмаса,
Топта сөз біз де арманда таба алмаса.
Ән салған ақын жігіт, жас бозбала,
Айт десе қиын жерде қамалмаса,
Кетпей ме жыртық көңіл жай-жайымен,
Осындай бір нәрсемен жамалмаса?!

Арияу, арияй, арияу, арияй,
Уа ғайлім, галилилім,
галияль лиллім.
Галилли лиль-лім гай-яу, гай-яу, га-яу,
га-ля-лялім арияу, арияу, арияу.

Домбыра күйге келмес бұрамаса,
Кім білер кімнің жайын сұрамаса?
Кім білер кімнің жатқан ішкі сырын,
Жолдас боп бірге жүріп сыналмаса.
Келеді есерсоқтау кейбір аңғал,
Екінші сөз нанымсыз бір алдаса.
Бұл әнді үйренгенің үйренерсің,
Дегенде әттең Әсет күңіренерсің.
Бұл әнді бірің бұзып, бірің түзеп,
Бұқадай мұрнын тескен сүйрелерсің.

 

Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: