Қиялдап келіп өзіңді,
Қия алмай кетіп барамын.
Сағыныш деген сезімді,
Тыя алмай кетіп барамын.
Шығам ба деген жерімнен,
Шыға алмай кетіп барамын.
Сынам ба деген едім мен,
Сына алмай кетіп барамын.
Үмітім әлде кесілді,
Байқалмай кетіп барамын.
Айтам ба деген кесімді,
Айта алмай кетіп барамын.
Сырыңа сенің бүкпесіз,
Тоя алмай кетіп барамын.
Жырымның соңғы нүктесін,
Қоя алмай кетіп барамын.
Сөзі: Мұхамедия Жұмағалиев
Әні: Әшірхан Телғозиев
Орындаушы: