Қобда өзен (текст)

Көлденең Алтай тауы сұлап жатқан,
Сәулесін көрген адам бір құмартқан.
Қыс болса ақ сәлдесін басына орап,
Жап-жасыл жазда үстіне пүліс жапқан.

Аңқыған исі жұпар пүлісінің,
Сияқты жұпар иіс майын шашқан.
Тауешкі, бұғы, марал аңдары бар,
Үкісі, түлкісімен үріп жатқан.

Жайқалған жағасында жапырағы,
Масайрап түрлі құстар күйге тартқан.
Құлаққа үні естіліп қоңыраудай,
Бұлағы сай-сайынан сылдыр қаққан.

Қожасы барлық судың қасиеті,
Арасан, Ақсу келер батыс жақтан.
Тараған сол таулардан сансыз бұлақ,
Ұласып Қобда өзен боп құлай аққан.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: