Қорқыт — қобыз (текст)

Қорқыт бабамыздан қалған,
Қобыз — өкініш пен арман.
Тыңдасаң, сыр айтады,
Өкініп мұң айтады.

Оғыз — ұрпақтары тірі,
Қобыз заманының үні.
Бозінген боздағаны,
Жүректі қозғағаны.

Қорқыт, әруағы қозған,
Қобыз, қиялынан озған.
Шежіре шер артады.
Өнердің алды аспаны.

Қобыз — дүниенің шегі,
Қорқыт — тәңірімнің тегі.
Мәртігін мақұлдатқан,
Өлместің отын жаққан.

 

Сөзі: Оңталап Нұрмаханов

Әні: Рамазан Тайманов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=7bPYAG2UpEc