Қарағым, айналайын, айнам жақсы,
Тигізбе залалыңды пайдаң жақсы.
Сәулем, қос қалқа,
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Қара көз қыз ақ маңдай.
Кездескен жақсыменен жарты сағат,
Балқыған қорғасындай қайран жақсы.
Сәулем, қос қалқа,
Алтыннан сырға, алқа бел,
Сағындым, жастық, қайта кел.
Болғанда алтын – басың, құндыз – шашың,
Иілген секілді екі қасың.
Сәулем, қос қалқа,
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Қара көз қыз ақ маңдай.
Кетпесін осы сөзім қошеметке,
Ел-жұртқа әзіз болсын сенің басың.
Сәулем, қос қалқа,
Алтыннан сырға, алқа бел,
Сағындым, жастық, қайта кел.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: