Түйе сұлу көрінер тайлағымен,
Қазан сұлу көрінер қаймағымен, ей.
Ей, әлди алла.
Қос қалқа аулың қайда-ау.
Көрмесем де өзіңді естуші едім,
Аманбысың күллі ауыл аймағыңмен.
Ей, әлди алла,
Қос қалқа, аулың қайда-ай.
Әсем үй көп қалада ақ тақтайлы,
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
Ей, әлди алла,
Қос қалқа аулың қайда-ай.
Мен атыңды көп естіп, көрдім кәзір,
Сыртыңыздан әр-әркім көп мақтайды.
Ей, әлди алла,
Қос қалқа аулың қайда-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: