Дәйім менің мінгенім күрең арда,
Ардандатып жүруші ек ақша қарда.
Қаздай қалқып жүруші ек айдын көлде,
Кешегі қалқатайдың ауылы барда.
Қос қара көз айдай,
Өзің де ойлан, аха-хай.
Айтпай болмас өлеңді үйренген соң,
Қылған қайырың сел болар күңіренген соң.
Арпа жеген аттайын аңсайды екен,
Өз құрбыңмен бір жүріп, үйренген соң.
Қос қара көз айдай,
Өзің де ойлан, аха-хай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: