Қайран күндер кешегі, сайран күндер кешегі,
Көрген түстей көңілден қалайша көшеді.
Бақытыма балаған, жаралайық санаған,
Жан серігім жалғанда,сен едің қалаған.
Қайырмасы:
Қия алмадым, қимадым,
Қинадың-ау, қинадың.
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің,қиылып-ай,
Қоштасудың қиыны-ай, қиыны-ай, қиыны-ай.
Саған ғана жан сырым,
Айтушы едім, бал шырын.
Бірге кешкен күндер-ай,
Мөп-мөлдір таң-шығын.
Шығар ма екен бәрі естен.
Көк түн мынау жан естен.
Жылап жатыр жүрегім,
Нәп-нәзік нәрестем.
Қайырмасы:
Ұя салған таңдайға,
Біз айтатын ән қайда?
Амал бар ма тағдырға,
Жазылған маңдайға.
Ақ тілеулі арманға,
Сенен асқан жан бар ма?
Жаралайды жанымды,
Көзден жас тамғанда.
Қайырмасы:
Сөзі: И.Сапарбай
Әні: А.Қоразбаев
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=vuGkWKLll00