Қоштасу (текст)

Қоштасып барамыз, суып арамыз
Өткеннің бәрі аңыз
Жазылмастан жарамыз
Екеуміз енді алыс қаламыз
Сағынып тек сені күндер өтті
Бақытым өзіңмен бірге кетті

Жанарларың толып мұңға
Сыр айтуға қорықтың ба?
Айтшы сонда, жаным менің
Мұң сыйлауға жалықтың ба?

Әуреге салмайын мазаламайын
Арман боп қал дәйім
Жан сырымды арнайын
Сағынышым боп жүрші әрдайым
Ақ кұсым бағыма бұйырмаған
Қош бол деп айту тым қиын маған

Жанарларың толып мұңға
Сыр айтуға қорықтың ба?
Айтшы сонда, жаным менің
Мұң сыйлауға жалықтың ба?

Қоштасып барамыз, суып арамыз
Өткеннің бәрі аңыз…

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Әлішер Қайратұлы

Видеоға сілтеме: