Қоштасқым келмейді (текст)

Бұл әнді салсам, дерсің-ау, мені әнші аға,
Сөздерім көп қой айта алмай жүрген қаншама.
Қоштаспа, жаным, қоштасқым менің келмейді,
Мені ойға тастап қайтатын кезің болса да.
Төгіліп жатқан бір әсем әннен құралған,
Ұзатса сені алысқа сыршыл бір арман.
Қайтейін, жаным, сағыныш толы жүректен,
Сұраймын сені көрдің бе деп те шынардан.
Жүрегім әр кез жұлдызым жалғыз сен дейді,
Көгімде және туар деп басқа сенбейді.
Сонда да болса жүрекке кінә артпашы
Қоштаспа, жаным, қоштасқым менің келмейді.

 

Сөзі: Ж. Боранбаев

Әні: Ш. Омарәлиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: