Қош бол, құтты әліппем! (текст)

Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

Өзім оқып кітапті,
Жалынбадым ағама.
Қуанды апам оқудан,
Алған бестік бағама.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

 

Сөзі: Ө. Тұрманжаров

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: