Қош бол (текст)

Кінәламаймын жаным уайымдама
Әрқашан саған деген ойым дара
Махаббатымның әнін шырқағанмен
Шумағы жетпеді қайырмаға

Жолың болсын кетем десең
Бақытыңа жетем десең
Шын өкінбе өтем десең
Қош бол
Жолың болсын мен не деймін?
Сен мейлі сен сенбе мейлі
Іздемеймін кел демеймін
Қош бол
Жолың болсын Қош бол
Енді не деймін?

Білесің оңай емес қыз балаға
Сеппеші сол себептен тұз жараға
Алдамшы бір сезімді махаббат деп
Бақытсыз боп қалған біз ғана ма?

Жолың болсын кетем десең
Бақытыңа жетем десең
Шын өкінбе өтем десең
Қош бол
Жолың болсын мен не деймін?
Сен мейлі сен сенбе мейлі
Іздемеймін кел демеймін
Қош бол
Жолың болсын Қош бол
Енді не деймін?

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Әйгерім Қалаубаева

Видеоға сілтеме: