Жігіт бол, жігіт болсаң шым жібектей,
Ей, қоңыржай, гүлжай,
Қаттылық қадалады тікенектей.
Ай-хай.
Ақылың Аплатондай болса дағы,
Ей, қоңыржай, гүлжай,
Оңбайсың өз халқыңа қызмет етпей.
Ай-хай.
Парапар жақсы атақпен жігіт деген,
Ей, қоңыржай, гүлжай,
Жігітке ел қарайды үмітпенен
Ай-хай.
Жігітті ел мақтаған қыз жақтайды,
Ей, қоңыржай, гүлжай,
Жігіттен қыз сүймеген күдіктенем.
Ай-хай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: