Жігітке кедегішілік бір сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп, құр аттанса,
Не керек бұл дүниеде үміттенген.
Жігітке ашу дұшпан, ләпсі жауың,
Алдында ақыл беген асқар тауың.
Көңіліңе бір зәредей түссе қайғы,
Білмейсің қай жеріңнің ауру, сауын.