Қоңыр қаз, үйрек (текст)

Ендеше он бесте едім, он бесте едім,
Кезінде он бес жастың жанкеспе едім.
Қыздармен он бесімде жауласып ем,
Келгенше жиырма беске үйлеспедім.
Қайырмасы:
Қоңыр қаз, үйрек,
Ұшады түйдек,
Құрбыңды алдай берме
Үйдеп, бүйдеп, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дәйім менің торы құнан,
Ақсайды жануарым тобығынан.
Көңілің шыныменен менде болса,
Ауылдың жолығайық қорығынан.

Қайырмасы:
Ұлпадай бетің,
Мақтадай етің,
Жалғанда қиын екен
Ғашық дертің, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дәйім менің қасқа құнан,
Қыздардың сақта, құдай, асқағынан.
Құласа шыныменен көңіл шіркін,
Ауылдың жолығайық тастағынан.

Қайырмасы:

Құрбым-ау, серттеселі, серттеселі.
Сақтаса серттен құдай ептеседі.
Көңілің расымен болса менде,
Тасындай диірменнің беттеселік

Қайырмасы:

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: