Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу бай, біреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға берсе бақыт,
Самұрық қызмет етер саясында.
Аз қызық тіршілігің серуендей,
Ажалдан қалған адам еру елдей.
Жұмғандай көзді ашып жалған дүние,
Көшерміз әлі-ақ бір күн керуендей.
Ахау, сен – қоңыр қаз,
Мен – шаһибаз.
Айтқанмен таусыла ма
Көңілде наз?
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: