Қоңыр қаз көл жағалап қаңқылдаған,
Тізіліп көлге қонып салқындаған.
Көңілді басылыңқы оятқандай,
Әнге сал “Қоңыр қаздай” саңқылдаған.
Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.
Қоңыр қаз көл жағалап ұшқан өрлеп,
Салғандай түрлендіріп әннен өрнек.
Ән салсаң, “Қоңыр қаздың” әніне сал,
Көтеріп көңіліңді көкке сермеп.
Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: