ҚР әнұраны 1992 (гимн, текст)

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі —
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Сөзі: М. Әлімбаев, Т. Молдағалиевю, Қ. Мырза Әлі, Ж. Дарибаева

Әні:

Орындаушы:

Әнұран текст қазіргі 2006 жылдан бері

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=b59Yrta6Rvc