Қызылқұмда ауылым (текст)

Жас ағашқа кәрі ағаш сүйеу болған,
Біздің елге Талқанбай күйеу болған.
Таласам деп қазанның қақпағына,
Телпегінің төбесі күйе болған.

Қызылқұмда ауылым,
Қыздар менің сауығым.
Қыздарменен ойнамай,
Басылмайды дәуірім.

Қызға жігіт құмар-ай,
Қыз да мойнын бұрады-ай.
Көріп қойса шешесі
Сарт еткізіп ұрады-ай.

Арба айдаған ендеше, арба айдаған,
Айдай алмай арбасын жарға айдаған.
Келемін деп кешінде уәде беріп,
Иттен қорқып келе алмай сор қайнаған.

Қызылқұмда ауылым,
Қыздар менің сауығым.
Қыздарменен ойнамай,
Басылмайды дәуірім.

Қызға жігіт құмар-ай,
Қыз да мойнын бұрады-ай.
Көріп қойса шешесі
Сарт еткізіп ұрады-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: