Ендеше қызыл асық, қызыл асық,
Барады қыздар тойға бір-бір басып.
Арманым ойымдағы орындалып,
Өзіңмен жатар ма едім сыбырласып.
Жан сәулем, жалықпас ем ойыныңнан,
Алмас ем ақ білекті мойыныңнан.
Жұмысты оңды-солды жайпар едім,
Оянсам күнде сенің қойыныңнан.
Арманға жетемін деп белін буған,
Атаның бір ұлымын өлең қуған.
Дүниеде еш арманым болмас еді,
Баланы әлпештесем сенен туған.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: