Қызыл сұңқар (текст)

Ал көтеріп аспанға қызыл сұңқар,
Кезің келді шарықтап, биік самғар!
Қарға-құзғын төбемнен төнбесін Бақ,
Жұлдызым бақшамда сөнбесін!

Қарға-құзғын фашисті жерге тапта,
Оған бақыт ұясын ойрандатпа!
Қарға-құзғын төбемнен төнбесін,
Бақ, жұлдызым бақшамда сөнбесін!

Бүгін жаудан аспанды сен қорғайсың.
Ертең Айға, Шолпанға сен барғайсың.
Қара ниет, қанішер жайрасын,
Бақ, жұлдызым бақшамда жайнасын!

 

Сөзі: Хамит Ерғалиев

Әні: Смағұл Көшекбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: