Қызыл тон (текст)

Қызыл тон жаппасам да жарым саған,
Арналды жүрегімде барым саған, сәулем-ау!
Ерлікпен қан майданда қаза болсам,
Аманат намысым мен арым саған, сәулем-ау!
Арналды жүрегімде жалын саған,
Қашанда қарлығаштай жаным саған, сәулем-ау!
Айғағы айнымастай махаббаттың,
Майданнан шалқып ескен әнім саған, сәулем-ау!
Ризамын не тұрса да бақ пен сорға,
Өтемін бұл дүниеден сені қорғап, сәулем-ау!
Қызыл тон осы болсын өзім жапқан,
Мінгізген тайпалмалы әнім жорға, сәулем-ау!

 

Сөзі: Хамит Ерғалиев

Әні: Смағұл Көшекбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: