Әрдайым сені ойлаумен жүремін мен,
Бір әуен бұлқынады жүрегімнен.
Аялап мені сағыныш сазы,
Келемін іздеп, қайдасың жазым?
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді.
Қыр гүлі боянғанда жалын нұрға,
Аяулым, айтшы, мені сағындың ба?
Жанарың тұнып бір сұлу сырға,
Қызғалдақ теріп жүрмісің қырда?
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді
Жанарың мөлдіреген теңіздейін,
Жан гүлім, жасыл бағым, сені іздеймін.
Жас дәурен жыры – махаббат әнін,
Арнадым саған, тыңдашы жаным.
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді.
Сөзі: Марат Нұрқалиев
Әні: Жұмағұл Қыдыралиев
Орындаушы: