Қызғанамын (текст)

Сезбейсің-ау жүректің сыздағанын,
Жараспасын білсем де тұз-дәм әнім,
Күлімсіреп өзгеге қарасаң да,
Қызғанамын, мен сені қызғанамын.
Көңілімде бір құс бар шалқып ұшқан,
Қалмаса екен тоңазып салқыныстан.
Ұры көзбен қарасам, кінәлама,
Өмір деген тұрмай ма тартылыстан.
Бойға тұмар таққандай бір шілдерім,
Жылуынан жүректің түршігемін.
Арман жібін араға жалғай алмай,
Амал таппай тағдырға, күрсінемін.
Көңілімде бір құс бар шалқып ұшқан,
Қалмаса екен тоңазып салқыныстан.
Ұры көзбен қарасам, кінәлама,
Өмір деген тұрмай ма тартылыстан.

 

Сөзі: Қ. Жылқыбаев

Әні: Қ. Жылқыбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: