Қыз сөзі (текст)

Сенің от құшағыңда,
Дүниені ұмытып талықсыдым,
Жүрегімді өртеді жан ыстығың.
Мынау байтақ әлемде тек екеуміз,
Жүргендейміз айналып ғарышты мың.
Арманым-ай, Ардағым-ай,
Ардағым боп неге қалмадың-ай.
Сен жанымда жүргенде,
Жанарымды толтырдың жылылыққа,
Жан жылуын балар ем ұлылыққа.
Ізеттілігін сезіндім бұл өмірдің,
Әр күніне тоймадым құнығып та.
Арманым-ай, Ардағым-ай,
Ардағым боп неге қалмадың-ай.
Бірақ өзің айныдың,
Ұмыттың да барлығын жұмақ күннің,
Сен мысқылдап, мен болсам жылап тұрдым.
Өмір атты бұрқаған дарияға
Бұрымымнан ұстап ап лақтырдың.
Сонда ғана есейіп бұл жалғанда,
Бәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім…
Арманым-ай, Ардағым-ай,
Ардағым боп неге қалмадың-ай.

 

Сөзі: Фариза Оңғарсынова

Әні: Г. Шәмшиева

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: