Қыз ғұмыр (текст)

Ажары жарық нұрдан жаратылған,
Жарқырап, жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай,
Қыздары-ай қазағымның дара туған!
Қыз ғұмыр шынарым-ай,
Халқымның шырағындай.
Көзіңнен күн арылмай,
Алдымда жүрші жайнап
Пәктіктің тұмарындай, шынарым-ай,
Қыз ғұмыр шырағым-ай.
Жан әке ұлға теңеп, үміттенген,
Қазағым жастайынан ұлық көрген.
Елді ойлап, жерді ойлаған қыз ғұмырдың
Тең түсер парасаты жігіттермен.
Қыз ғұмыр шынарым-ай,
Халқымның шырағындай.
Көзіңнен күн арылмай,
Алдымда жүрші жайнап
Пәктіктің тұмарындай, шынарым-ай,
Қыз ғұмыр шырағым-ай.
Құйылған ақ сезімнен дара шыңдай,
Бауырға, әпкесі емес, ағасындай.
Қамқор боп бар қазаққа жаны шығып,
Жүреді панасындай, данасындай.
Қыз ғұмыр шынарым-ай,
Халқымның шырағындай.
Көзіңнен күн арылмай,
Алдымда жүрші жайнап
Пәктіктің тұмарындай, шынарым-ай,
Қыз ғұмыр шырағым-ай.

 

Сөзі: Фариза Оңғарсынова

Әні: Ә. Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: