Алайын сөйлеп-сөйлеп сөз бергенде,
Болады қалам алғым кез келгенде.
Қасқа төс құнаным-ай,
Қыпша бел, құралай көз
Шырағым-ай.
Жел сөзді бір-екі ауыз мен айтайын,
Осындай құдай айдап кез келгенде.
Қасқа төс құнаным-ай,
Қыпша бел, құралай көз
Шырағым-ай.
Болғанда сен ар жақта, мен бер жақта,
Жайылар қараторғай бау шарбаққа.
Қасқа төс құнаным-ай,
Қыпша бел, құралай көз
Шырағым-ай.
Артыңнан арма десем қайқаясың,
Бір Алла, панайыңнан өзің сақта.
Қасқа төс құнаным-ай,
Қыпша бел, құралай көз
Шырағым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: