Құрбым-ай (2-нұсқа) (текст)

Есік алды қара су ылай-ай деп, ай!
Сермей салдым қолымды, ал құрбым-ай, былай-ай деп ,ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда, ай,
Жата қалып жыладым, ал құрбым-ай, солай-ай деп, ай.
Есік алды қара су бойламадым, ай!
Сен сәулемді кетер деп, ал құрбым-ай, ойламадым, ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда, ай,
Құлын тайдай айқасып, ал құрбым-ай, ойнамадым.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: