Жылқы ішінде жүрелік домбыра алып,
Бір шеберге тиегін жондыралық, құрбым-ай.
Шын көңілің, шын пейілің менде болса,
Екі ауылды бір жерге қондыралық, құрбым-ай.
Су ағады арықтан,
Қыз қарайды жабықтан.
Сүйер едім бетіңнен,
Ұяламын халықтан.
Есік алды бүлдірген,
Қыз бен жігіт бір жүрген.
Ебін тауып ойнаса,
Қыз бетінен сүйдірген.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: