Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден
Телмірем жандай ғашық.
Қолға келіп қонса жұлдыз,
Жанға серік болса жұлдыз.
Ғарышқа қанат қақты туған жерден
Самғап қанша ұл-қыз.
Құс жолы шақырады арман құсап,
Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
Сен, Отан, жастық әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
Келді жайнап бала көктем,
Күткен еді дала көптен.
Шалғынды тербей есті ерке самал,
Жібектей жаңа леппен.
Ауыл, саған талмай ұштық,
Бұлақ суын қанбай іштік.
Қарлығаш ұя салған туған үйлер,
Бізге қандай ыстық.
Құс жолы шақырады арман құсап,
Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
Сен, Отан, жастық әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
Сөзі: Ұ. Есдәулетов
Әні: Т. Мұхамеджанов
Орындаушы: