Үзеңгі бау, таралғы ал (текст)

Құнан керім, тай керім, дөнен керім,
Үгіп-үгіп мінемін аттың терін, ой, қалқа.

Үзеңгі бау, таралғы ал,
Сап күмістен жаралған.
Қанатыңдай астыңда,
Атың болсын таранған.

Көрмегелі өзіңді көп болды ғой,
Аман-есен жүрмісің бұраң белім, ой, қалқа.

Үзеңгі бау, таралғы ал,
Сап күмістен жаралған.
Қанатыңдай астыңда,
Атың болсын таранған.

Құнан керім, тай керім, дөнен керім,
Ою салып жасайды аттың ерін, ой, қалқа.

Үзеңгі бау, таралғы ал,
Сап күмістен жаралған.
Қанатыңдай астыңда,
Атың болсын таранған.

Желдік салып, қос тартпа тізгін ұстап,
Табан тіреп отырсаң болар керім, ой, қалқа.

Үзеңгі бау, таралғы ал,
Сап күмістен жаралған.
Қанатыңдай астыңда,
Атың болсын таранған.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: