Ән форымға келмейді шырқап салмай,
Жігіт сәні келмейді қаршыға алмай,
Үкілі жеңгей наздары-ай.
Осы отырған көпшілік сөге ме деп,
Бүгежектеп мен жүрмін ән шығармай,
Үкілі жеңгей наздары-ай.
Жылқы сайға тұра алмас жел келгенде,
Жер шаңды аяқ тартады ел келгенде
Үкілі жеңгей наздары-ай.
Ауыздығы жел сөзді аяймыз ба,
Ұлы жиын, мереке кез келгенде
Үкілі жеңгей наздары-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: