Мынау айлар, қай айлар, туған айлар,
Жомарт елдің жоқшылық қолын байлар.
Ә-ә-ха-у, ү-ри-ай.
Жақсысы бар өлеңнің, жаманы бар,
Қандай өлең айт дейсіз, ағатайлар.
Ә-ә-ха-у, ү-ри-ай.
Жастар өлең айтқанда сәніміз бен,
Бастап ақыл сұрайық кәрімізден.
Ә-ә-ха-у, ү-ри-ай.
Оралыңның барында ойна да күл,
Дүние шіркін өтеді бәрімізден.
Ә-ә-ха-у, ү-ри-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: