Үридай (2-нұсқа) (текст)

Күреңді талға байлап мінген қандай,
Қалқамен күліп-ойнап жүрген қандай.
Үридай, үридай!
Ауылыңа осы жол бармақ едім,
Қайтейін бара алмадым жерің шалғай.
Үридай, үридай!

Үридай сәулем, үридай әй-хай,
Үридай, үридай, сәулем,
Үридай, үридай!

Жаттық жоқ жақсы адамда деуші едіңіз,
Жаманды жақсы десе болар семіз.
Үридай, үридай!
Ауылыңа бізден бұрын бара қалсаң,
Қалқаға үш қайтара сәлем деңіз.
Үридай, үридай!

Үридай сәулем, үридай әй-хай,
Үридай, үридай, сәулем,
Үридай, үридай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: