Әуеде ұшып жүрген көкек деген, ай, әй, көкек,
Бауырында балапаны секектеген, үрия-ай, көкек, әгугәй.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, ай, ай көкек-ай,
Айырылып қалқатайым кетед деген үрия-ай, көкек, әгугәй.
Әй, әй, көкек,
Әй, әй, көкек,
Түспейді еркін қолға көңіл алған,
Үрия-ай, көкек, әй, көкек-ай.
Салғаным оң қолыма қола жүзік, ай, әй, көкек,
Өткенді неге керек жіпке тізіп, үрия-ай, көкек, әгугәй.
Кетсе де ауылың шалғай, қимас қалқа, ай, әй, көкек,
Өзіңнен жүргенім жоқ күдер үзіп, үрия-ай, көкек, әгугәй.
Әй, әй, көкек,
Әй, әй, көкек,
Жақсының қадіріне кім жетеді,
Үрия-ай, көкек, әй, көкек-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: