Әлемнің шам шырағы күн де дара,
Адамның жан жүрегі діл де дара.
Бұйырған бір халықтың маңдайына
Тірліктің тілмашындай тіл де дара.
Ойымның нәрі – Ана тілі,
Тойымның сәні – Ана тіл.
Даңқымның тауы – Ана тіл,
Халқымның ары – Ана тіл.
Ежелден атам мирас еншіміз де,
Сөйлесер болашақпен елшіміз де.
Халқымыз қазақ тілі қазынасы,
Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге.
Ойымның нәрі – Ана тілі,
Тойымның сәні – Ана тіл.
Даңқымның тауы – Ана тіл,
Халқымның ары – Ана тіл.
Сөзі: М. Әлімбаев
Әні: Сұлтанғали Лұқпанов
Орындаушы: