Кім бар сендей сұлулығы асқан
Шұғыласын бар ғаламға шашқан
Байқадың ба өзің жүрген жерде
Бұлттан кейін ашылғандай аспан
Қайырмасы:
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей әппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге
Бір күн жылап жүрегімде арман
Сені амалсыз ұшырамын қолдан
Кім бар мендей ыстығыңа күйіп
Кім бар мендей аязыңа тонған
Қайырмасы: х3
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей әппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге
Бұйырасың біле алмадым кімге..
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: Ернар Айдар