Әлди, бөпем (текст)

Не мұңдық дүниеде, әйел мұңдық,
Анадан болып мұңдық неге тудық, әлди-ай.

Әлди, бөпем, қоя ғой,
Жылама, бөпем, әлди-ай!

Маңында жан ашырлық адамың жоқ,
Жат жерде жалғыз жүрген неткен сұмдық, әлди-ай.

Әлди, бөпем, қоя ғой,
Жылама, бөпем, әлди-ай!

Алтында қола тұтқа бола ма екен,
Көңілім жаман жарға тола ма екен, әлди-ай.

Әлди, бөпем, қоя ғой,
Жылама, бөпем, әлди-ай!

Тұйғын деп ұстағаным қарға шықты,
Қарғаға пенде ғашық бола ма екен, әлди-ай.

Әлди, бөпем, қоя ғой,
Жылама, бөпем, әлди-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: