Әлия (текст)

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен

Қайырмасы:
Әлия — ару қызы сен халқымның
Әлия — батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан

Қайырмасы:
Әлия — ару қызы сен халқымның
Әлия — батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз — өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып

 

Сөзі: Б.Тәжібаев

Әні: С.Байтереков

Орындаушы: Роза Рымбаева

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=sVIK2hUnGh0