Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны.
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдары,
Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қайырмасы:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды мөлдір көз!
Әлі есімде, бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойыныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.
Қайырмасы:
Содан бері өтті сәулем талай күн,
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
Тағдыр бізді алыстатты, қоспады,
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың.
Қайырмасы:
Сөзі: Н.Әлімқұлов
Әні: Ә.Еспаев
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=M83L10laMUI