Жөні келсе қояйын әнге басып, ау-үй,
Талайлар-ақ осы әнге болған ашық, о-ой!
Е-ей, әләлім-ай.
Ән салмасқа болмады бір-екі ауыз, ау-үй,
Сіздерменен қалған соң дидарласып, о-ой!
Е-ей, әләлім-ай.
Мінген де атым ақ жабал,
Шырын да сөзім, шекер, бал.
Менің бір айтқан сөзіме,
Жастар, сіздер құлақ сал.
Осы отырған балалар,
Бірің – құйрық, бірің – жал,
Бірің де – қайың, бірің – тал,
Бірің де – шекер, бірің – бал,
Ей, қай түрлі әнге сал дейсің,
Түсінетін балалар, е-ей!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: