Көрдім де болдым құмар, сәулем, саған,
Күн туса дидарласар есен-аман, Әпитөк.
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма?
Тілекке жететұғын болса заман, Әпитөк!
Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.
Ей, сәулем, хат жазамын, сені ойлай,
Жүректі булықтырған толқын болмай, Әпитөк.
Дертімді жазып-жазбау өз қолыңда,
Ой билеп тына алмайды ерікке қоймай, Әпитөк.
Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.
Ей, қалқа, ғашық болдым мен өзіңе,
Дөңгелек қарақаттай қос көзіңе, Әпитөк.
Қырмызы қызыл жібек сияқтанған,
Сыпайы қалам тартқан мінезіңе, Әпитөк.
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: