Жайлауы еліміздің – мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасып, көңіл ашар Әпіш қана!..
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп кетер.
Сөзі: Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Әні:
Орындаушы: