Аққу көлден ұшады балақтаған,
Не қойды екен көп сақтаған қарақ маған.
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри-дай.
Аулың шалғай кеткенде, ей, қарағым,
Айналайын көзіңнен қарап қалған.
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри-дай.
Аққу көлден ұшады майпаңдаған,
Бір сөзім бар қалқаға айта алмаған.
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри-дай.
Аулың алыс кеткенде, ей, қарағым,
Айналайын көзіңнен жайтаңдаған.
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри даттай,
Әри-дәри-дай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: